Профилактикалық рейд өтті

Алакөл ауданында есепте тұрған отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында бірлескен рейд ұйымдастырылды. Іс-шараға жергілікті учаскелік полиция майоры Атеев Ермек, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тобының аға инспекторы, полиция майоры Старкова Марина, полиция аға лейтенанты Мақанова Ұлман, сондай-ақ «Жанұя» отбасын қолдау орталығының кейс-менеджері Сейдалиева Жанару мен әлеуметтік қызметкер Тойлық Алтынгүл қатысты.

Рейд барысында есепте тұрған отбасыларға арнайы барып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы ішіндегі өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар отбасындағы құқықтық жауапкершілік, даулы жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдан шығу жолдары жөнінде кеңестер берді.

Сонымен қатар, азаматтардан сауалнамалар алынып, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, қажеттіліктері мен өзекті мәселелері зерделенді. Қажет болған жағдайда әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету тетіктері түсіндірілді.

Мәліметпен бөлісу: