Теректі орта мектебінің оқушыларымен кездесу өтті

Теректі ауылдық округіндегі Теректі орта мектебінде ұстаздар мен жоғары сынып оқушыларына арналған кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен суицидтік қауіптің салдарын түсіндіру, сондай-ақ балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.

Жиынға “Жанұя” отбасын қолдау орталығының әлеуметтік сала маманы Айжан Мұратова және орталық психологі Жанар Арнаева өз бағыттары бойынша маңызды ақпараттар ұсынды.

Мамандар кездесуде орталықтың қызмет көрсету бағыттары, қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс тәсілдері, көрсетілетін психологиялық және әлеуметтік қолдау туралы жан-жақты мәлімет берді.

Жасөспірімдермен әңгіме барысында отбасының қоғамдағы орны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, жылы қарым-қатынас пен қолдаудың жасөспірімнің психологиялық дамуына әсері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, буллинг пен кибербуллингтің зияны, суицидтік әрекеттердің алдын алу жолдары нақты мысалдармен жеткізілді.

Оқушыларға орталықтың байланыс нөмірлері мен қызмет түрлері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.

Жиын соңында оқушылар белсенділік танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, түрлі жағдайлар бойынша пікірлерімен бөлісті.

Мәліметпен бөлісу: