Оқушылар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» Халықаралық акциясы аясында Үшарал қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің 7–8 сынып оқушылары арасында

“Зорлық-зомбылықсыз цифрлық кеңістік” тақырыбында сурет байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты — жас ұрпаққа цифрлық кеңістік қауіпсіздігін түсіндіру,

кибербуллингтің алдын алу және қауіпсіз онлайн орта қалыптастыру.

Оқушылар цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік, кибербуллингтің алдын алу және жауапты онлайн мінез-құлық туралы терең ойланып, өз жұмыстарында осы тақырыпты кеңінен ашып көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздарға диплом және естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, бірқатар қатысушылар “Ынталандыру” сыйлығына ие болса, қалған қатысушылар қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Мәліметпен бөлісу: