
Алакөл аудандық “Жанұя” отбасын қолдау орталығының мобильді топ мүшелері Үшарал қаласында тұратын 83 жастағы қарт ананың үйіне барып, жағдайын зерделеді.
Әженің екі баласы болған. Өкінішке қарай, бір перзенті қайтыс болса, екінші баласы ішімдікке әуестенудің салдарынан денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріп, қазіргі таңда орталық ауруханада ем қабылдауда. Баласының емделуіне байланысты қарт ана бүгінде жалғыз өзі тұрып жатыр.

Осыған орай, мобильді топ мамандары әжеге психологиялық қолдау көрсетіп, күнделікті бақылауға алатынын жеткізді.

