
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Алакөл аудандық консалтинг орталығының жыл қорытынды жиыны өтті. Басқосуға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ауданның белсенді азаматтары және әлеуметтік сала мамандары қатысты. Жиын барысында азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан жандарға құрмет көрсетілді.

Осы ретте “Жанұя” отбасын қолдау және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Садиев Алмат Тезекбайұлы азаматтық қоғам бастамалары мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы белсенді қолдауы, ынтымақтастығы үшін Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен аудандық консалтинг орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, ерекше құрметтің белгісі ретінде Алмат Тезекбайұлына ұлттық домбыра тарту етілді.

Сондай-ақ, жуырда “Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі” ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Алакөл-Экосистемасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Алакөл ауданында 2024–2025 жылдары ҮЕҰ іске асырған үздік әлеуметтік жобалар” байқауы жарияланған болатын. Аталған байқауға орталықтың әлеуметтік сала жөніндегі маманы Айжан Асланқызы “Жанұя” еріктілерінің жұмысына арналған жобасымен қатысып, үздік жобалардың қатарынан көрінді.

