Қабанбай ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

“Жанұя” отбасын қолдау орталығы мен “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының мамандары Қабанбай ауылдық округіндегі тұрғындар жиі жиналатын қоғамдық орындарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында ауыл азаматтарына орталықтардың қызмет бағыттары мен көрсетілетін қолдау түрлері таныстырылып, 100-ге жуық ақпараттық парақшалар таратылды.

“Жанұя” отбасын қолдау орталығы – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсететін мекеме. Мұнда отбасылық қатынастарға қатысты кеңес алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құжат рәсімдеу және жұмыспен қамту сынды өзекті мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі.

“Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы – зейнет жасындағы азаматтарға арналған демалыс және дамуға бағытталған кеңістік. Мұнда егде жастағылар бос уақытын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайтып, түрлі үйірмелер мен кездесулерге қатысу арқылы белсенді өмір салтын жалғастыра алады.

Мәліметпен бөлісу: