Еңбекші ауылындағы жылы жүздесу

Еңбекші ауылдық округіне қарасты Еңбекші орта мектебінде ұстаздар мен жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ арасында отбасы құндылығы, отбасы жарасымдылығын насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллинг пен әлімжеттікке қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын арттыру.

Кездесуге “Жанұя” отбасын қолдау орталығының әлеуметтік маманы Айжан Мұратова, әлеуметтік қызметкері Алтынгүл Тойлық және кейс менеджер Жанару Сейдалиева қатысып, өз салалары бойынша мазмұнды баяндама жасады.

Орталық қызметкерлері қатысушыларға орталықтың қызмет бағыттары мен атқарып жатқан жұмыстары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, отбасы институтының қоғамдағы орнына тоқталып, отбасындағы әке мен ананың жауапкершілігі, баланың тәрбиедегі рөлі, өзара сыйластық пен сенімнің маңызы жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар, суицидтің алдын алу жолдары, психологиялық көмек алу тәсілдері және жастар арасындағы буллингке төтеп беру мәдениеті тақырыптары да қозғалды.

Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ашық айтып, мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. 

Еркін пікір алмасу нәтижесінде жастарға отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінудің, өзара түсіністік пен қамқорлықтың маңызы кеңінен түсіндірілді.

Мәліметпен бөлісу: