Ақтүбек ауылдық округінде мобильді топ мүшелерін оқыту бойынша кездесу өтті

Ақтүбек ауылдық округінде әлеуметтік мәселелердің алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына жедел әрекет ету мақсатында мобильді топ мүшелерін оқыту бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ауылдық округ әкімдігі, учаскелік полиция инспекторы, медициналық қызметкер, мектеп басшысы мен психолог, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер қатысты.

Оқыту барысында мамандарға сәтсіз және қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтау, оларға қажетті әлеуметтік көмек көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға “FSM social” бағдарламасы арқылы сигнал беру және мәлімет енгізу тәртібі тәжірибелік түрде көрсетілді.

Мәліметпен бөлісу: