
Алакөл аудандық “Жанұя” отбасын қолдау орталығының мобильді топ мүшелері пробация есебінде тұрған екі азаматпен кездесті. Кездесу барысында оларға арнайы сауалнама жүргізіліп, жеке жағдайлары зерттелді.
Сонымен қатар, орталықтың психолог мамандары азаматтарға психологиялық кеңес беріп, әлеуметтік бейімделу мен қоғамға қайта кірігу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Орталықтың мобильді тобы пробация есебіндегі тұлғалармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, олардың құқықтық сауатын арттыруға, өмірлік қиын жағдайлардан шығуына қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі атқаруда.

