
“Жанұя” отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алакөл көпсалалы колледжінің қыз білімгерлері мен “Жанұя” орталығының еріктілерінің қатысуымен жиын өтті.

Шараның негізгі мақсаты – қыз баланың қоғамдағы орнын айқындау, олардың өзін-өзі тануына, тұлғалық дамуына және өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруына ықпал ету болды.

Жиында “Жанұя” орталығының әлеуметтік маманы Айжан Асланқызы орталықтың негізгі қызмет бағыттары мен негізгі мақсат-міндеттері жайлы кеңінен таныстырды.
Орталық психологі Жанар Талғатқызы қыз тәрбиесі, қыз баланың қоғамдағы рөлі және қазіргі заман қыздарының алдында тұрған жауапкершілік туралы өзекті мәселелер төңірегінде еркін тақырыпта ой бөлісті.

