
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Дәл осы күні 25 қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады.
Мерекеге орай Үшарал қаласы, орталық «Даңқ» аллеясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Іс-шараға “Жанұя” отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы мен “Жанұя” еріктілері белсене қатысты.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, Мемлекеттік Тудың биікке көтерілуі ел азаматтарының отансүйгіштік сезімін арттырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айшықтады.

Туымыз әрдайым көкте желбіреп, тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

