
“Жанұя” отбасын қолдау орталығының қызметкерлері Үшарал қаласының тұрғыны, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы Б. есімді анаға қайырымдылық көмек көрсетті.
Атап айтқанда, орталық мамандары перзентханаға қажетті ана мен балаға арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға жәрдемдесті.

Сонымен қатар, бұған дейін де көпбалалы анаға арнайы азық-түлік себеті табысталып, тұрмыстық жағдайына қолдау көрсетілген болатын.
Орталық тарапынан мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

