Орталық Директоры

Алакөл аудандық «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты
1978 жылы қаңтардың бірінші жұлдызында Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүние есігін ашқан. 199 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын, 2016 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолы: 03.09.1999-01.09.2002 жж. Абай атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы.
01.09.2002-31.08.2006 жж. Талапкер орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы.
06.09.2006-31.08.2007 жж. Жыланды қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылы.
31.08.2007-01.09.2008 жж. Талапкер орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы.
01.09.2008-08.08.2013 жж. Үшарал қаласының қазақ гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы.
08.08.2013-17.05.2016 жж. Қайнар ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Алакөл ауданы Қайнар ауылы.
17.05.2016-01.04.2022 жж. Алакөл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы.
01.04.2022 – 30.08.2023. Алакөл ауданының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры.
2024 жылдан бері «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры.
Марапаттары:
2018 ж. ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментің алғысы.
2019 ж. ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғысы.
2021 ж. Алматы облысы әкімінің алғысы.
2021 ж. Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
2023 ж. Жетісу облыстық мәслихатының депутаты.

